СҚО бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы Отбасы күні қарсаңында көп балалы қызметкерді құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы Отбасы күні қарсаңында көп балалы қызметкер Динара Мұқанованы құттықтады.

Д.С. Мұқанова 13 жылдан астам уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бас маманы болып істейді. Бүгінгі таңда Динара бала күтіміне байланысты демалыста. Мұқановтардың отбасында 6 бала бар. Үлкені 16 жаста болса, кенжесі – 1 жаста. Динараның жұбайы Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім болып істейді. Жақын арада көп балалы анаға «Күміс алқа» медалі табыс етіледі.

Кездесу барысында Соттар әкімшісінің Басшысы Оян Мүтәләпов әріптесін келе жатқан мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығын тіледі.

«Отбасыңыздан әрдайым балалардың күлкісі кетпесін. Шаңырақтарың биік болсын, босағасы берік болсын! Осы балаларыңыздың қызығын көріңіз! Әр күніңіз қуанышқа толы болсын!» -деп, құттықтады О.Мүтәләпов.

Кездесу соңында Мұқановтар отбасына гүл шоғы, тұрмыстық техника, кеңсе бұйымдары, ойыншықтар және тәтті тағамдар табыс етілді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі