Әскери сот бұрыңғы әскери қызметшіден оқуына жұмсалған 1,5 млн теңге сомасын өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери соты «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі»» мемлекеттік мекемесі өкілінің арызы негізінде бұрыңғы әскери қызметші М.-тан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясында оның оқуына жұмсалған 1 496 933 теңге көлеміндегі қаражатты өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы азаматтық ісін қарады.

Арызданушы өзінің арызында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты бастығының 10.07.2010 жылғы бұйрығына сәйкес, борышкер М. институт курсанттарының тізіміне алынып, онымен оқу орнын аяқтаған соң 10 жыл әскери қызметті өткеру туралы келісім шарт бекітілгенін көрсеткен. Яғни, борышкер оқу орнын аяқтаған соң офицерлік құрамда 10 жыл бойы әскери қызмет өткеруге міндеттенген.

2014 жылы Академияны аяқтағаннан кейін лейтенант М. ҚР ҰҚК ШҚ 20.. әскери бөлімі шекара заставасының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысының бөлім бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Алайда, Өскемен гарнизоны әскери сотының 17.07.2015 жылғы үкімімен  әскери қызметші М. ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлімінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Тиісінше әскери қызметтен босатылған.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңының 26 бабы 13 тармақшасына сәйкес, «қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі әскери қызметтен теріс себеп бойынша шығару үшін негіз болып табылады».

Әскери соттың сот бұйрығына сәйкес, мемлекет пайдасына оқуға кеткен 1 496 933 теңге берешек сомасы өндірілді.

Қайнар: 
Әскери соттың баспасөз қызметі