Рудныйда сот құжат жоғалтқан азаматшаның туу туралы тіркеуінің заңды фактісін орнатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Башкирия АССР Уфа қаласында 1965 жылы 29 қаңтарда туылған күнін тіркеуінің заңды фактісін орнату туралы арызымен сотқа жүгінді. Азаматша А.-ның туу туралы куәлігі жоғалған, қалпына келтіру мүмкін емес, жазбасы сақталмаған.

Башкортостанның Уфа қаласының АХАЖ органының мұрағат қорына сұраныс нәтижесіз болды. Аталған мекеменің мәліметтеріне сәйкес азаматша А.-ның туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбасы негіздердің болмауына орай қалпына келтіруге жатпайды делінген.

Сот әйелдің басқа құжаттарын, мысалы Рудный қаласының әділет басқармасының ерлі-зайыптылардың некеге тұру туралы акт жазбасымен анықтамасын, онда азаматша ерінің А. фамилиясын алғаны, сегіз жылдық білімі туралы куәлік пен диплом көшірмесін назарға алды.

Осы құжаттар арыз беруші тұрмысқа шықпағанға дейін С. фамилиясында болғанын және туған күні 29.01.1965 жыл екенін дәлелдеуде.

Істі қарау нәтижесі бойынша сот туу туралы тіркеу фактісін орнатып, азаматша А.-ның арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі