Павлодар облысында судьялардың қатысуымен спартакиада өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодарда Судьялар Одағы Павлодар филиалы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне және Мемлекет Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстың судьялар  корпусының спартакиадасы өтті.

Жарыс Павлодар қаласының «Баянтау» спорт сарайында өтті, онда өзінің жетістіктерін Павлодар облысы судьялары көрсетті.

Ашылудың салтанатты рәсімінде Павлодар облысының төрағасы М.Смағұлов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Бегентаев, сот жүйесінің ардагері А.Хамзин, А.Тұрсынбеков, «Павлодар облысының Соттар Әкімшісі» РММ-нің басшысы С.Ахметбеков, Судьялар одағы Павлодар филиалының төрағасы М.Рысбеков, облыстық соттың сот алқасының төрағалары  Е.Жанғазин, А.Күзеков қатысты.

Облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов спартакиаданы аша отырып, іс-шара спорт пен дене шынықтыру және салауатты өмір салтын ұстануды кең насихаттауға бағытталғанын белгілеп өтті.

Облыс әкімдігінің орынбасары М.Бегентаев қатысушыларға сәттілік, қызықты ойын, жарқын жеңістер тіледі.

Павлодар облысы судьялардан тұратын 6 команда спорттың келесі түрлерімен жарысты: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы және бильярд.

Құмарлық пен адреналинға толы үш күндік жарыс судьялар мен мамандар арасындағы жанкүйерлердің қолдауымен өте қызықты өтті. Жыл сайын осындай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналды, себебі Павлодар аумағының судьялар корпусы жетістіктерге жету мақсатында емес, салауатты өмір салтын ұстану үшін жиналады.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі