Облыстық соттар Конституция күнін мерекелеуге арналған спорт шараларын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттар Конституция күнін мерекелеуге арналған бірқатар спорт шараларын өткізді.

 

Оралда облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған спартакиада өтті

Жыл сайынғы шара соттардың судьялары мен қызметкерлері арасында денешынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ақан Жұмағұлов, Судьялар одағы Батыс Қазақстан филиалы төрағасының м.а. Ниязбек Дильдабеков, БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысы Нұрлан Қажғанов қатысып, қатысушыларға лайықты қарсылас пен жеңіске деген ерік-жігер тіледі.

Жарыс 4 түрлі спорт түрінен құралды: футбол, шахмат, үстел теннисі, бильярд.

Спартакиада қорытындысында командаларға, футбол ойыны бойынша бірінші орын алған командаға кубок табысталса, жеңіс тұғырынан көрінген, екінші және үшінші орындар грамоталармен марапатталды. 

 

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында облыстық құқық қорғау органдарының арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Турнирге 8 команда қатысты, оның ішінде Ақмола облыстық соты, облыстық прокуратура, ІІД, ҰҚКД, ҚАЖД, Мемлекеттік  кірістер департаменті, ТЖД, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің командалары болды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров жарысқа қатысушыларды келе жатқан ҚР Конституция күнімен құттықтап, оларға табыс тіледі. Сот төрағасы спорттық іс-шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беріп, дене даярлығын шынықтырады және кәсіби қызметіне оң әсерін тигізеді деп атап өтті. Өйткені Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі деген болатын – деді Д.Әміров.

Жарыс қорытындысы бойынша І- орынды Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің командасы, ІІ-орында Ақмола облысының ІІД командасы, ІІІ-орынды Ақмола облысының прокуратурасының командасы ие болды.

Жарысқа қатысушылар кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара соңында жарысқа қатысушылар және көрермендер жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ақмола облыстық сотының басшылығының атына алғыстарын білдірді.

 

Конституция күнін мерекелеу аясында Судьялар одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд және шағын футболдан екі күндік спартакиаданы ұйымдастырды.  

Екі күн ішінде судьялар мен мамандар кәсіби салада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қасиеттер – мақсаткерлік, жеңіске жігерленген ерік, жігерін көрсетті

 

2017 жылдың 25-26 тамызы күндері Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің кубогы үшін волейбол және шағын футболдан турнир өткізілді.

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облыс соттарының судьялары мен қызметкерлерінен, оңтүстіктің ішкі істер органдары, арнайы ұйымдар және күштік құрылымдардан құрылған 24 команда қатысты.

Екі күндік спорттық жарыс нәтижесі бойынша облыс сотарының командасы волейболдан  жүлделі үшінші орынды иеленді.       Бірінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы алса, екінші орын ОҚО ІІД-нің командасына бұйырды.

Ал, шағын футболдан Облыстық ішкі істер департаментінің командасы үздік деп танылды. Екінші орынды ҰҚК-нің ОҚО бойынша департаментінің командасы, үшінші орынды Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі