Республика соттары Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиындар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Республика соттары Конституция күнін мерекелеуге арналған бірқатар салтанатты жиындар өткізді

 

Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған судьялар мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Аталмыш жиынға отставкадағы құрметті судьялар, сот жүйесінің ардагерлері шақырылды.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституция күнінің әрбір қазақстандыққа, соның ішінде сот жүйесінің қызметкерлері үшін  ерекше маңыздылығын  атап өтті. Бүгінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тарапынан азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін тиісті деңгейде қорғауға қабілетті сот жүйесін одан әрі дамыту үшін ауқымды жұмыстар жүргізуі туралы, Мұратғали Әкетай атап өтті.

Салтанатты шара барысында сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан үлесі және мінсіз қызметі үшін жоғарғы «Үш би» құрмет белгісі облыстық соттың судьялары Майлыбай Косымбетовке, Еркін Жапаровқа, Мадина Сисеноваға және мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы Амангелді Қалмұхамбетовке салтанатты  түрде табыс етілді. Бірқатар облыстық соттың қызметтік барысында ерекшеленген мамандары Соттар Әкімшісі басшысының Құрмет Грамотасы және Алғыс Хаттарымен марапатталды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, соттардың кеңсе қызметшілері қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Конституция – біздің мемлекеттігіміздің негізі, қазақстан халқының еркіндігі, құқықтары мен бостандықтарының белгісі екендігін атап өтті. Тәуелсіздік тарихының барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы басты жалпы адамдық құндылықтар – сөз еркіндігі, таңдау еркіндігі, құқықтың үстемдігі негізінде елдің экономикалық және саяси дамуын қамтамасыз ету бойынша өзінің басты қызметін атқарып келетінін айтты.

Отставкадағы судья Қазыкен Досанов мерекемен құттықтап, Қазақстан Конституциясы еліміз жетістіктерінің сенімді кепілі екендігін атап айтты. 

Салтанатты жағдайда жоғары ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Одан әрі қарай барлық жиналғандарға арналып облыс соттарының күшімен дайындалған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

Қарағанды облыстық сотының төрағасы М. Әлімбеков мейрамның сот корпусы үшін ерекше маңыздылығын атады. «Біз оны кәсіби мереке ретінде атаймыз, себебі сот жүйесі біздің азаматтарымыздың Басты құжаттағы құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді.

Салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Сот жүйесінің дамуына үлес қосқаны, ұзақ жылдар бойы әрі жемісті жұмысы үшін облыстық пен аудандық соттардың бірқатар судьялары мен мамандары медалдармен, құрмет белгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Алматы қалалық соттың төрағасы Нургазы Абдиканов салтанатты іс шараны ашып, қатысушыларды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, мемлекеттің, қоғамның және еліміздің әрбір азаматтың дамуында Ата заңның рөлін атап өтті.

Жыл сайын еліміздің тұрғындарының құқықтық мәдениетінің өсуі байқалатының атап өту жөн. Соның көрнекі көрсеткіші соттарға өтініштердің өсуі болып табылады. Бұл - сот билігіне сенімінің айқын индикаторы және қоғамның дауларды заң шеңберінде шешуге ұмтылысы болып табылады»- деп атап өтті Н. Абдиканов.

Сол сияқты, Алматы қаласының соттардың Әкімшісінің басшысы Данияр Кирикбаев өз құттықтау сөздерін айтты.

Салтанатты іс шара Алматы қаласының соттардың судьяларына және Алматы қаласының соттардың Әкімшісінің қызметкерлеріне, сонымен қатар доғарыстағы судьяларға марапаттарды, озаттық белгілерді, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстаумен жалғасты.

 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған салтанатты жиналысты аша отырып алдағы келе жатқан мерекемен барлық судьялар мен сот қызметкерлерін құттықтады.

Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде сот төрағасы «Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың ерік-жігерін көрсетті және мемлекеттің демократиялық құрылысының іргетасын қалады. Адам, оның негізгі құқықтары мен бостандықтары еліміздің басты құндылықтары ретінде мойындалды.

Салтанатты жиналыста Д.Әміров Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығын тойлау қарсаңында мемлекеттік және ведомствалық марапаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Салтанатты іс-шарада марапатталғандардың атынан  Ақмола облысының отставкадағы судьясы И.Түсіпбаев алғыс білдіріп, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін мейраммен құттықтады.

Мерекелік іс-шара облыстық соттың қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Батыс Қазақстан областық сотында судьялардың және облыстық, қалалық, аудандық соттардың мамандарының, сонымен қатар облысымыздың сот саласындағы ардагерлердің қатысуымен  Конституция күні қарсаңына арналған салтанатты түрде мерекелік шара өтті.

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметов құттықтау сөзімен жиналған қауымды құттықтады.

Б. Әметов: «Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған сәттен бастап 22 жыл болды, ол адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, жоғарғы құндылықтарын қорғап келеді. Осы жылдар ішінде біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, бір орында тұрмай халықаралық стандарттарға сай дамып келеді. Оның жарқын бір көрсеткіші тәуелсіз республика соттарының сот төрелігін іске асыру үшін нығайтуға бағытталған елімізде өтіп жатқан сот-құқықтық реформалар. Бұл бағытта біз үлкен жетістіктерге жеттік, дегенмен судьялар қоғамдастығы берілген нақты курстарды одан әрі жалғастырып, еліміздің дамуы үшін барлық тапсырмаларды орындауы керек» деп айтты.

Шара «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауымен жалғасты.

Салтанатты шара барысында құттықтау сөзбен отставкадағы судья Альфия Ювакаева сөйледі. Құттықтай отырып, мемлекет басшысының қатты және берік шешім арқасында Қазақстан тұрақты дамып келетінін атап өтті.

Іс шара шеңберінде сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан  судьялар мен мамандарды ведостволық медальдармен, төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен  марапаттау рәсімі өтті.

 

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев құттықтады.

Асламбек Амангелдіұлы атап өткендей, бүгінгі күні сот-құқықтық реформалар сәтті жалғасын табуда, өз мақсаттарын құрылған мамандандырылған экономикалық, әкімшілік және қылмыстық соттары ойдағыдай ақтауда. Медиацияинституты толық күшінде жұмыс жасауда.Сот-құқықтық реформалардың ілгері жүруімен қатар, судьялар да өз кәсіби жауапкершіліктерін сезініп, білімдерін жетілтіруге және заңдағы өзгерістерден қалмауғатырысуда.

 Жыл сайын соттардың қызметі азаматтар үшін қол жетімді, ашық әрі айқын.Уақыт қалауы жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуіне де өз қолтаңбасын қалдырып келеді.

«Қазақстанның сот жүйесі өткен кезеңде белгілі шыңдарға қол жеткізді және дұрыс жолда екенімізді сенімділікпен айтуға болады», - деп атап өтті облыстық сот төрағасы.

Содан соң марапаттау рәсімі өтті.

 

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов құттықтау сөзінде, бұл мереке біздің зайырлы мемлекетіміз ен әрбір азаматымыз үшін аса маңызды, ал сот жүйесі үшін орны тым бөлек. Өйткені біз бұл күнді кәсіби мереке ретінде де атап өтеміз деді.

Сот төрағасы Конституция құқық жүйесінің ядросы бола тұра, басқа заңдардың мағынасы мен мазмұнын айқындайды, республиканың бірқалыпты және ілгері дамуының іргетасы ретінде қызмет етеді. Конституцияның маңызды бөлігі ретінде ондағы сот жүйесін жетілдіру, адамның конституциялық құқығын қорғау кепілдігін күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді бөлу жөнінде енгізілген жаңа  түзетулерді айтуға болады деп ой түйді.

Бұл күні облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов, Судьялар одағы филиалының төрайымы А.Ташенова, Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева үздік қызметімен ерекшеленген бірқатар судьялар мен сот қызметкерлерін медальдар және құрмет грамоталарымен марапаттады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Қызылорда облыстық сотында өткен салтанатты шараға облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық соттың алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен облыс соттарының судьялары, сот саласының ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынды аша отырып облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтады.

Салтанатты шарада Конституция күніне орай бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері марапатталды.

Салтанатты жиын соңында тәуелсіз елдің өткені мен бүгінін көрсететін елдің басты саяси құқықтық құжаты Конституция күніне арналған деректі фильм көрсетіліп, мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар, қатысушылар облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры әртістерінің «Қаракөз» қойылымын тамашалады.

 

Құттықтау сөзінде Павлодар облыстық соты төрағасының м.а. Бақытбек Бегалиев осы мереке әрбір қазақстандық үшін ерекше болып келеді, себебі Конституция азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тұрақты кепілі болып табылатыңдығы туралы айтып өтті. 

Іс-шара барысында «Мінсіз қызмет үшін» ІІ дәрежелі медалдерімен Павлодар облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы С.Ахметбеков және бас маман-сот отырысының хатшысы Ә.Бекенова, «Мінсіз қызмет үшін» ІІI дәрежелі медалімен Шарбақты аудандық сотының судьясы Х.Сраилов марапатталды.   

Сондай-ақ, облыстың Соттар Әкімшісі басшысының атынан грамоталармен облыстық, қалалық және аудандық соттардың бір қатар мамандары белгіленді.

Іс-шара соңында театрланған концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстелдің қарарын іске асыру бойынша жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен «Білгір» атты рухани-танымдық, интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Облыстық сот төрағасы м.а. Нұрсапа Примашевтың өкімімен сайысты өткізіп, оның қорытындысын шығару үшін арнайы комиссия құрылып, бекітілген комиссия құрамы жас судьялар мен сот отырысы хатшыларының білімін саралап, біліктілік деңгейлерін байқау және ынталандыру үшін алдын ала сайыс ережесін бекітті.

Облыстық сайысқа аудандық және оған теңестірілген соттардың қызмет өтілі бес жылға толмаған жас судьялары мен сот отырысының хатшыларынан құралған 9 команда қатысты.

Сайысқа мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, үкіметтік емес ұйым мен бұқаралық ақпарат құралардарының өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шығып, көптің ішінен топ жарған Бейнеу аудандық сотының судьясы А.Өсербаева мен сот отырысының хатшысы  Ж.Досмұхамедов бас жүлдені иеленіп, 100 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды. Ал, экономикалық соттың судьясы А.Бекболатов пен хатшысы Г.Қойланова  І орын, Ақтау қаласының әкімшілік сотының судьясы А.Қонысов пен хатшысы О.Әнес ІІ орынды қанжығаласа, Ақтау қаласының №2 сотының командасы ІІІ орынды иеленді.

Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Жиынды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков ашып, жиналғандарды Конституция күнімен құттықтай келе, Ата заңның мемлекетіміз үшін аса зор маңызы мен сот-құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі екендігін атап өтті.

Содан кейін сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының ардагер судьялар Кеңесінің төрағасы Өмірбек Темір және  ардагер судья, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Гүлбану Ағаділова және ардагер судья Айтжан Бекназаров судьялар мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін мерекемен құттықтай келе, осындай құрмет көрсетіп отырған облыстық соттың басшыларына алғысын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы А.Алшынбаев баяндамасында облысымыздың сот жүйесі азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеттерін абыроймен атқаруда екенін, Ата заңның бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетінін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын және Конституцияға енгізілген өзгерістердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілін күшейтуге  қатысты мәселелердің түбегейлі шешілуіне ықпал еткенін атап өтті.                                                                                                                  Баяндамадан соң жиын судьялар мен Сотар әкімшісі қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты.

 

Әскери сотта Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдолла, алқа төрағалары, әскери соттардың судьялары және әкімші басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Төраға Сәкен Абдолла іс-шараны аша келе қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

«Конституция күні - қазақстандықтардың ең маңызды күндерінің бірі. Жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы Конституцияны қабылдау үшін дауыс беріп, еркіндікке, өркендеуге және демократияға бағытталған өздерінің бірден-бір таңдауын растады, көп жылдарға арналған мемлекетіміздің прогрессивті даму стратегиясын анықтады. Конституция  тәуелсіз Қазақстан өмірі мен қызметінің негізі, ол барлық уақыт талаптарына жауап береді және адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады», - деді Абдолла С.

Салтанатты іс-шара аясында әскери соттардың бірқатар судьялары мен қызметкерлері сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері және көпжылдық табысты жұмысы үшін медальдармен, төс белгілермен және құрмет грамоталармен марапатталды.

 

Бүгін Жамбыл облыстық сотында «30 тамыз - Конституция күні» мерекесіне орай судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Ана тілім - айбыным» атты байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, судьялар мен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру болып табылады.

Іс-шара барысында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі және ән айту бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Жүлделі орынды иеленген топтар бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.

Іс-шараның соңында Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаевқа, облыстық соттың судьяларына және мемлекеттік қызметкерлеріне, сот жүйесінің ардагерлеріне, сондай-ақ облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағаларына, судьяларына және мемлекеттік қызметкерлеріне салтанатты түрде медальдар, грамоталар және алғыс хаттар тапсырылды.

 

Алматы облыстық сотында онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов салтанатты шараны аша отырып,  жиынға қатысушыларды  алдағы мерекемен құттықтады.

«Бүгін Қазақстан әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Біздің барлық жетістіктеріміз бірлік, қоғамдағы келісім, біздің еліміздің Конституциясының негізгі құндылықтарына деген мықты ұстаңымыздың нәтижесі»,- деп атап өтті М.Таймерденов.

Салтанатты  шара сот саласының ардагерлері, судьялар және сот қызметкерлерін медальдар, төс белгілері, құрмет грамоталары және  алғыс хаттырмен марапаттау рәсімімен жалғасты.

Қазақстан Республикасы Конституциясын мерекелеу қарсаңында бірқатар судьялар және сот қызметкерлеріне Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданынан қызметтік баспананың кілттері табысталды.

 

Судьялар Одағының ШҚО бойынша филиалы  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының судьялары мен «ШҚО бойынша Соттар Әкімшісі» РММ-нің қызметкерлері Өскемен қаласының көрікті жерлерінің  бірі «Қазақстан»  тауына көтерілді.

Тауға көтерілудің ара қашықтығының ұзындығы 1500 м. болса, биіктігі 400-500 м. жуық.

Аталған шараның қорытындысында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы К.М.Чакпантаев қатысушыларды құттықтай отырып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мадақтама хаттар табыстады.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі