Парламент Мәжілісінің депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық сотындағы судьяларымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық сотында болып қайтты.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Василий Олейник және қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Александр Суслов  облыстық соттың судьяларымен кездесті.

Кездесуде В.Олейник Мәжілістің заң шығару жұмыстары жөнінде кеңінен айтып өтті. Әсіресе, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің  атқаратын қызметі туралы, бірқатар қолданыстағы заңнамалардағы, қылмыстық-процестік кодексіндегі өзгерістер туралы айтты. Депутат сот жүйесінің алдында тұрған нақты міндерттер, тергеу судьясының қылмыстық процестегі атқаратын рөлі, олардың өкілеттілігі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.  

Депутат А.Суслов: «Мемлекет Басшысымен бірлесіп, біз үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінде тұғыры берік, мықты – тәуелсіз Қазақстанның азаматтарымыз деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл сөздер «Мәңгілік елдің» Патриоттық актісі, біздің әр біреуіміз үшін ең бағалысы, ақиқаты - отбасымыздың әл-ауқаты, еңбеққорлығымыз бен қонақжайлылығымыз, тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенімділігіміздің белгісі», - деді.  

Кездесудің соңында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров депутаттарға адал әрі мінсіз жұмыстары үшін алғысын білдіріп, заң шығару қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі