Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары конституциялық реформаны талқылауды қорытындылаудың бірыңғай күні аясындағы «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен Шығыс Қазақстанда бірыңғай күн аясындағы «дөңгелек үстелде» конституциялық реформаны талқылаудың қорытындысы шығарылды.

Аталған кездесуде қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чакпантаев пен облыстық соттың судьясы Е.Жұмақсанов сөз сөйледі.

Сонымен қатар, талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік  хатшылығының меңгерушісі А.Нұрғазиев, ҚХА мүшесі, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Шик, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары И.Смит, «Нұр Отан» партиясының, әділет департаментінің, прокуратураның өкілдері мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Қ.Чакпантаев, өз сөзінде, Конституцияға ғана емес, бұған қоса басқа да заңнамалық актілердегі сот жүйесіне қатысты нақты өзгерістерге кеңінен тоқталып өтті.

Е.Жұмақсанов өңірдегі медиацияның дамуын талқылау аясында  қатысушылардың назарына Жоғарғы Сот қабылдаған жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру және де Қазақстан халқы ассамблеясының «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында өткен халықаралық  диспут-форумның қатысушыларының ұсыныстары туралы ақпараттандырды.

Кездесудің қатысушылары аталған институтты дамыту және оның мәселелерін шешуді насихаттау мақсатында медиация бойынша жұмыстық Үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, әкімдіктер мен Достық үйлеріндегі медиация кабинеттері жұмыстарының аясындағы бекітілген татуласу келісімдерінің санына қатысты ақпаратпен алмасу жөніндегі келісімге келді.

Кездесу соңында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының Халықаралық  диспут-форумның қатысушыларының ұсыныстарын қабылдап, кәсіби медиаторлар тарапынан медиацияны дамыту мен насихаттауда барлық деңгейдегі әкімдерді белсенді тарту туралы нақты ұсынымдар айтылды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі