Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Соттар әкімшісінің басшысы Орынбасар Лештаев және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік коғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Алсеитов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты сот ғимаратында сотқа келген азаматтарға Электронды цифрлы қолтаңба мен автоматтандырылған электронды анықтамаларды беру арқылы, азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету, сот органдарының қызметтерін алуды оңтайландыру болып табылады.

Іс-шара барысында О.Лештаев сотқа келген азаматтардың электронды цифрлы қолтаңба мен автоматтандырылған электронды анықтамаларды сот ғимаратынан шықпай-ақ алуы олардың уақыты мен қаражаттарын үнемдеуге әсер ететінін атап өтті.

Қол қою рәсімінен соң тараптар меморандум аясында тығыз байланыста жұмыс жасауға дайындықтарын білдіріп, алға қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда бір-біріне жемісті еңбек тіледі.

Осыдан кейін О.Лештаев және Е.Алсеитов Шымкент қаласының әл-Фараби, Еңбекші және Абай аудандық соттарында болып, ондағы пилоттық жоба ретінде орнатылған Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жұмыс орындарымен танысты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі