Қарағандыда сот органдарының онлайн-қызметтері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотында «Сот кабинеті сервисі – сот органдарының қызметтері мен онлайн-сервисіне қол жеткізудің бірыңғай жүйесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды облысының соттар Әкімшілігінің басшысы Дүйсен Құсбеков, оның орынбасары Дархан Ахашов, ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Шынар Солтаева, Қарағанды қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, сондай-ақ облыстың адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелде» азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген «Сот кабинеті» сервисінің барлық артықшылықтары мен қызметтері талқыға салынды. Іс-шараға қатысқан тұлғалардың кейбіреулері «Сот кабинеті» жүйесінің пайдаланушылары болып келеді, олар ұсынылып жатқан қызметтер жайлы жағымды пікірлерін айтты, өзара әрекеттестікті даму бойынша өздерінің ұсыныстарын енгізді.

Жалпы, ағымдағы жылы облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарымен заңды тұлғалардың өкілдерімен бірлесе сотқа электрондық құжаттарды берумен байланысты мәселелер бойынша бірнеше семинарлар өткізілген.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі