Атырауда сот балалардың туудағы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы талабты қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында арызданушы П.-ның балаларын туудағы заңдық маңызы бар фактіні анықтау бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот ісінің материалдары бойынша арызданушы азамат О.-мен бірге азаматтық некеде тұрған. Ерлі-зайыптылардың 3 кәмелет жасына толмаған балалары бар. Тұрғылықты мекен-жайы және құжаттары болмағандықтан, арызданушыны емхана қабылдамаған, балаларын үй жағдайында босанған.

Сотта 2015 жылдың желтоқсан айында олардың үйлері өртеніп, кейін оларды дағдарыс орталығына орналастырғаны, балаларының тууын растайтын құжаттардың болмауы негізге алынып, арызданушы П.-ға балаларын тіркеу бойынша бас тартылғаны анықталды.

Осыған байланысты арызданушы П. кәмелетке толмаған балалардың туу фактісін заңдық маңызды деп танып және кәмелетке толмаған балалардың туылуын мемлекеттік тіркеуді жүргізуді міндеттеуді сұрады.

Сот, арызданушы П.-мен тиісті құжаттарды алу мүмкіндігі жоқтығын құптайтын дәлелдемелер жеткілікті тапсырылды деп есептеп, арызданушы П.-ның балаларының туылуының заңдық фактісін анықтау туралы арызын қанағаттандыру жөнінде шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.