Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында дауласушы жақтардың пәтерге қатысты мәселесі шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Немере ағалы - қарындас қайтыс болған әжелерінің пәтерлерін бөлісе алмады. Мұрагерлік құқығы туралы куәлік бойынша, қайтыс болған әжесі елорда орталығында орналасқан пәтерін бес немересіне қалдырған, даулы мүлікте олардың әрқайсысының ½ үлесі  бар.

Даулы пәтерді тек екі немересі пайдаланған, ал қалған үшеуі Ресей Федерациясының аумағында өмір сүрген. Елімізден тыс аумақта өмір сүріп жатқан немере ағалы - қарындас Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына пәтердің өздеріне тиісті ½ үлестің ақшалай өтемақы құнын өндіріп алу өтінішімен шағымданған.

Сот медиация жолымен дауды шешуге тараптарды шақырды, бірақ ағалары мен қарындасы бітімгершілік келісімге келген жоқ. Сотта, жауапкер өтінішпен келіспеді, олар талапкерлерді лайықсыз мұрагерлер екенін түсіндіріп, әжелері ауырған уақытта көмектеспегенін және жерлеу рәсімдеріне кеткен шығындарға қатыспағанын тілге тиек етті.  Сонымен қатар, жауапкерлер мүлікті сатуға, сатылғаннан түскен қаржыны мүлікке құқылы ортақ қатысушыларға тең бөлуге қарсылық білдірді.

Қазақстаннан тыс жерде тұратын талапкерлер мүлікті пайдалануға айтарлықтай қызығушылық танытпаған, даулы мүлік жауапкерлердің иелігінде және пайдалануында болғандықтан талапкерлердің  үлесі шын мәнінде бөлінуі мүмкін емес болған.

Сот азаматтық істің материалдарын зерттей келе, талапкерлердің ортақ мүліктегі үлесін ақшалай өндіру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі