Ақмола облысының жалпы юрисдикциялық және мамандандырылған соттарының жұмыс сапасы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының судьялары кеңейтілген кеңесте 2016 жылы облыстың жалпы юрисдикциялық  және мамандандырылған соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасына қатысты мәселелерді талқылады.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов Ақмола облысының мамандандырылған соттары мен Көкшетау қалалық сотының жұмысын қорытындылай келе, аталған соттардың жұмыс көрсеткіштері облыс соттарының негізгі жұмыс көрсеткіштерімен тікелей байланысты және Жоғарғы Сот мамандандырылған соттардың жұмысына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Оның айтуынша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылы алқа билердің қатысуымен 5 қылмыстық істі қараған. Алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер санының азаюы, азаматтардың істі кәсіби судьяның қарайтынына  көбірек сенетініне байланысты - деді төраға.

 «Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары жоғары кәсіби деңгейде даралануы керек, себебі бұл сотта экономикалық даулар – ең қиын санаттағы істер қаралады» - деді Н.Әбдіқанов. Ол өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда Ақмола облысының мамандандырылған экономикалық сотында сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы жақсарғанын атап өтті. Экономикалық сот медиация институтын қолдана отырып 33 істі қарады. 

Облыстық сот төрағасының пікірінше, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылы түскен істердің саны шамамен 20%-ға артқанынан қарамастан сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы жақсарған. Сот қабылдаған шаралардың нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлеудің сапасы жақсарды.

Кеңесте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары 2016 жылы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын 100 пайызға жеткізгені үшін оң бағасын алды.

Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда Көкшетау қалалық соты сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы жақсарған.

Облыстық соттың төрағасы судьяларға азаматтардың заң мен сот алдында бірдей екенін, судьялардың тәуелсіздігі, істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу, нақты заңды сақтаумен алынған дәлелдемелерді пайдалану, жарыссөз, кінәсіздік презумпциясы мен сотталушыға қорғану құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне мән беру қажеттігін атап өтті. Облыстық соттың алқа төрағаларына және сот төрағаларына істерді қарау сапасын жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылдап, жергілікті соттардың жұмысын жақсарту мақсатында апелляциялық сот практикасын талдау, істерді қарау мерзімін бақылау бойынша тапсырма берілді. Сот құжаттарын әзірлеу мен оны ресімдеу сапасын жақсарту қажеттілігі атап көрсетілді.

Өз кезегінде Анатолий Смолин Елбасы Жолдауындағы сот жүйесіне қатысты негізгі басымдықтарды іске асырудың маңыздылығына тоқталды. А.Смолин соттарда медиацияны қолдануды дамыту, ұдайы сапалы жұмыс істеу және азаматтардың сенімін арттыруға шақырды. Ол сондай-ақ судьяларға қойылатын талаптарға да мән берілді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов кеңесті қорытындылай келе, судьяларға бір жолға қойылған жұмыстарына табыс тілеп, облыстың судьялары азаматтардың сотта қорғалатын конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қойылған тапсырмаларды шешетініне сенім білдірді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі