Ақмола облыстық сотында Бурабай аудандық сотының жаңа төрағасын таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізді.

Н.Әбдіқанов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Бурабай аудандық сотының төрағасы таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Абзал Балабеков Аршалы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Бурабай аудандық сотына төраға қызметіне тағайындалды.

Аталған Жарлық бойынша құрмет отставкасына кетуіне байланысты Ақмола облыстық сотының судьясы Алма Есенеева атқаратын қызметінен босатылды.

Облыстық сот төрағасы судьяны құрмет отставкасына шығарып сала отырып, сот жүйесінде көп жылғы жемісті еңбегіне алғысын білдіріп, мықты денсаулық, отставкада белсенді өмір мен табыс тіледі. Жаңа тағайындалған төрағаға жұмысына табыс тілеп, сот төрелігін атқаруда жоғары көрсеткіштерге жетуіне тілек білдірді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі