Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Расул Медетов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жан-жақты жариялау және белсенді түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша бірлескен кездесулерді, «дөңгелек үстелдер» мен семинарларды ұйымдастыру, БАҚ бейне роликтерді, буклеттер мен материалдарды ауыстыру бойынша өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты. Сондай-ақ, құқық бұзушы жұмыс істеген ұжымның және өңір мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істерді қарау бойынша көшпелі сот процестерін жүргізу жоспарланды.

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдар мен алдын алу, жастарды рухани-өнегелік тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениетті көпшілікке тарату тетігін талқылады. 

«Сыбайлас жемқорлық заңды бұзушылық ретінде ғана емес, ол біздің еліміздің дамуына қауіп төндіретін қатер ретінде қабылдануы тиіс» - деп нық сеніммен айтты С.Абдолла,

Р.Медетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ежелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша қабылданатын шаралар туралы айтып берді.

Спикерлер Меморандум сот жүйесінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша соттар мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ынтымақтастық жасауын дамыту үшін негіз болатынына сенімдерін білдірді.  

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі