Жоғарғы Сотта «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттар судьялары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері қатысты.

Форум мүдделі мемлекеттік органдардың және соттардың әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы қолданумен байланысты түйіткілді мәселелерді талқылауға арналып отыр.  

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар мен мемлекеттің мүддесін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК) қолданысқа енді. ӘҚБтК жаңаруының қажеттілігі «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Мемлекет басшысының Жолдауында, сондай-ақ 2010 жылдан 2020 жыл аралығындағы Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында белгіленген талаптармен байланысты.

ӘҚБтК-нің жаңа редакциясы әкімшілік заңнаманы айтарлықтай реформалауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мүмкіндік туғызатын нормаларды алып тастауға, әкімшілік айыппұлдар салу бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін нақтылау және әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімін жаңғыртуға бағытталған.

ӘҚБтК әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді сапалы қарауға бағытталған бірқатар жаңа институттарды қарастырады. Мәселен, жазалауды төмендету, істі қарау кезінде төрешілдікті болдырмау үшін жеке тұлғаларға ғана қатысты қолданылатын қысқартылған іс жүргізу тәртібі енгізілді. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, қайтадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулыларды қайта қарау үшін қосымша негіздемелер енгізілді.

ӘҚБтК-нің жаңа редакциясында әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлға) іс-әрекетіне (әрекетсіздігі) шағымдану бойынша тарау енгізілген. Бұл ретте соттардың, органдар мен лауазымды тұлғалардың, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарауға құзыреті қайта қаралды.

Сонымен қатар, дәлелдемелер мен дәлелдеу институты күшейтілді. Мәселен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша дәлелдерге сарапшының қорытындысымен қатар маманның қорытындысы да жатады. Бұған қоса, әкімшілік құқыбұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелер тізбесіне ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған материалдар енгізілді. Атап айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың мөлшері қайта қаралды, әкімшілік жазалау түрі ретінде ескертуді қолдану кеңейтілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында ӘҚБтК-ге әкімшілік құқықбұзушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейімен шамалас айыппұл мөлшерлері анықталды.

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаеваның айтуынша, соттар мен уәкілетті мемлекеттік органдар тәжірибесінде жоғарыда айтылған ӘҚБтК-нің жекелеген ережелерін қолдану бойынша оң жаңашылдықтарымен қатар, талқылауды және қосымша түсіндіруді талап ететін жекелеген түйіткілді мәселелер туындауда.

«Осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел судьялар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің сындарлы ой алмасуын, әкімшілік құқыбұзушылық туралы заңнаманы қолданудың түйіткілді мәселелері мен оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді», - деді А.Қыдырбаева.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар істерді неғұрлым сапалы қарауға мүмкіндік беретін және құқықтық актілерді әзірлеу кезінде одан әрі пайдаланылатын әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы қолдану бойынша тиісті ұсынымдарды әзірледі.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі