«Жас судья судья әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтап, кәсіби білімін үнемі көтеріп, шыңдап отыруы қажет» - Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов сотта екі жылдай қызмет атқарған облыстың жас судьяларымен кездесті. Сонымен қатар, кездесуге жас судьялардың тәлімгерлері мен кураторлары қатысты.

Өңірде 32 жас судья қызмет етеді, солардың ішінде 23 судьяның еңбек өтілі екі жылдан төмен.

М.Бектұрғанов кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндірді. «Президент сот жүйесі қауымдастығының алдына сот жүйесіне деген сенімді арттыру тапсырмасын қойды және судьялар қойылған тапсырманы жүзеге асыруға кірісіп кетті» - деді.

 Облыстық сот төрағасы сот жұмысының көрсеткіштеріне баға беріп, жас судьялардың қызмет сапасы туралы айтып, сот төрелігін жүзеге асырудағы кейбір күрделі мәселелерге тоқталып, өткен жыл қорытындысы бойынша әр судьяға қатысты статистикалық мәліметтерді атап, жас судьяның судья әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтап, кәсіби білімін үнемі көтеріп, шыңдап отыру қажеттігін атап өтті.

Тәлімгерлерге жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсетіп, олармен әңгіме өткізіп отыруды тапсырды.

 Жас судьялар өздерін қызықтарған сұрақтарға жауап алды.

Источник: 
Пресс-служба Атырауского областного суда