Жамбыл облысының судьялары сот жүйесінің ардагерін мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстың сот корпусы сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья Бұжықов Мұхан Төлебайұлын 90-жастық мерейтойымен құттықтады .

Мерейтойда Қазақстан Республикасының судьялар Одағы Орталық кеңесінің атынан Мұхан Төлебайұлына «Сот жүйесінің құрметті ардагері» медалі және Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаевтың атынан алғыс хат табыс етілді.

Мұхан Төлебайұлы барлық еңбек жолын сот төрелігіне арнаған.

1952 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік Заң институтын құқықтану мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Мұхан Төлебайұлы1953 жылы Жамбыл қалалық нотариус мекемесінен тәжірибеден өтті. 1953 – 1958  жылдар аралығында Жамбыл қаласының  бірінші  участкесінің Жамбыл қаласының халық судьясы, Жамбыл қаласы прокурорының көмекшісі, адвокаты, Жамбыл қаласы Орталық ауданының заң кеңсесінің меңгеруші  болып жұмыс атқарған. 1958 -1964 жылдар аралығында Жамбыл облыстық сотының мүшесі болған. 1965 -1974 жылдар аралығында  Жамбыл қалалық сотының судьясы. 1974 -1982 жылдар аралығында  Жамбыл қаласы Орталық ауданы халық сотының төрағасы.  1982 -1989 жылдар аралығында Жамбыл облысы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінің аға консультанты, Жамбыл облысы бойынша адвокаттар алқасы  төрағасының орынбасары. 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласының адвокаты болып жұмыс атқаруда.

Марапаттар, құрмет грамоталар және алғыс хаттардың иегері.

2012 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін судьялыққа үміткерлерді іріктеу бойынша Қоғамдық Кеңестің мүшесі болып табылады.

Мұхан Төлебайұлы  Жамбыл облыстық сотының сот корпусына көрсеткен назарлары үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік, денсаулық  және гүлдену тіледі. 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі