Сот төрелігі академиясына Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының менеджері Том Паттерсон келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты Еуропалық Одақ жобасының (ЕО жобасы) оқыту компонентінің жетекшісі әрі менеджері Том Паттерсон келді.

Сот төрелігі академиясының басшылығымен кездесу барысында Паттерсон мырза ЕО жобаның шеңберінде профессорлар мен оқытушылар құрамына төрт күндік тренинг өткізуге ниет білдірді. Бұл тренингтер профессорлар мен оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, тренингтерді өткізу күндері мен орны, қатысушылар саны келісілді, танысуға тренингтердің бағдарламасы ұсынылды.

Сонымен қатар, Паттерсон мырза Академияның профессорлар мен оқытушылар құрамына арналған төрт күндік тренингтердің мазмұнын жан-жақты талқылау үшін Біріккен Корольдіктен келген судья және тренермен кездесу ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде, Академия ректоры Мұрат Бейбітов жобаның жетекшісі Билл Мэзермен Академияда кездесу ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу соңында ректор Паттерсон мырзаға алғыс айтып, тараптар арасында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.

Қайнар: 
Сот төрелігі академиясы