Семейде бюджеттік қаржыны ұрлаған шенеунік сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№2 Семей қалалық сотының үкімімен мемлекеттік коммуналдық мекеме басшысының міндетін атқарушы Жұртыбаев К. 5 жылға бас бостандығынан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда басшылық қызметте болу құқығынан 3 жылға айырылып, ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес 2 жылға шартты түрде сотталды. Сотталушы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік мақсатта бір неше реет жемқорлық қылмыс жасаған. Айталық, жұмысқа қабылдауда жалған бұйрық бере отырып, келісім-шарт жасаған, ол жалған тұлғаны ақпараттық жұмыс уақытының есеп табелінде бекіткен. Осылайша,  сотталушы жоқ тұлғаға заңсыз еңбекақы төлеп отырған. Мемлекетке жалпы 1035188 теңге көлемінде шығын келтірген. Бұл бюджеттік қаржыны ірі мөлшерде ұрлау ретінде бағаланады.

Үкім заң күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі