Республика судьялары журналистердерді кәсіби мерекемен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңірде жұмыс жасайтын БАҚ-тың барлық өкілдері қатысқан салтанатты іс-шара өткізілді.

 Барлық тілшілерді тиісті түрде шақыру алдын-ала шараға дейін облыстық соттың ресми сайтында жарияланды

Кездесу сот бойыша экскурсиямен басталды. Тілшілер назарына отандық сот iсiн жүргiзуде пайдаланып жүрген қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар көрсетілді.

БАҚ өкілдері «Tөрелік» жүйесі, сот жүйесінің  интернет-ресурсымен, «Сот кабинеті» сервисі және оның қызметтерімен, аудио-бейнежазба және бейнебайланыс жүйесімен толықтай танысты.

Тілшілер облыстық соттың Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің, жалпы отырыс залы мен оқу орталығы кабинеттерін қарады.

Кездесуде тілшілер облыстық соттың БАҚ-пен өзара әрекеттерінің  ашықтығы мен тиімділігін атап өтті. Оған облыстық соттың баспасөз қызметіне тілшілердің жоғары баға беруі дәлел болып табылады. Өткен аптада  тілшілер өздерінің әріптестері арасында өткізген сауалнамаға сәйкес облыстық соттың баспасөз қызметі өңірдегі ең үздік баспасөз қызметі болып танылды.

Іс-шара барысында облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай өзекті құқық түсіндіру жұмыстарында БАҚ-тың рөлі маңызды екенін атап өтті. Ол Жоғарғы Сот Төрағасы және өзінің атынан тілшілерді келе жатқан мерекемен құттықтап, оларды сот қызметінің өзіндік мәнін көрсететін  мазмұнды мақалалар мен телебағдарламалар үшін алғысын білдірді.

Облыстық соттың төрағасы сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы Мемлекет басшысы белгілеген жұмыстың басты бағыты екендігін атап өтіп, сот жүйесінің жаңашылдығы, Ұлт Жоспарында,  Президенттің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және судьялардың VII-съезінде қойылған тапсырмалардың орындалуы туралы айтып өтті.

Тілшілерге салтанатты түрде естелік сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттың баспасөз хатшыларын кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Іс-шараны аша келе, Жақсылық Аланов: «Өлкеміздегі сот жүйесіндегі жаңалықтардың барлығы тілшілер қауымының арқасында халыққа дер кезінде түсіндіріліп отыр. Сіздер, сот пен халықты тікелей  байланыстырушы дәнекер ретінде соттың шешімі тек жазалау емес, тәрбие мен үлгі ету мақсатын көздейтінін түсіндіріп жүрсіңдер», - деді.

Облыстық соттың төрағасы сот жүйесін реформалау бағытында жүргізілген жұмыстар туралы айтты.

Ол Ұлт Жоспарына сәйкес, сот жүйесін реформалау бағытында жүргізілген жұмыстар, жаңа Судьялық әдеп кодексі қабылданғанын, жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының іске қосылғанын, соттарды сырттай бағалау сервисі мен өңір соттарындағы сот залдары толығымен аудиобейнетіркеу жүйелерімен жабдықталғаны жөнінде баяндады.

Іс-шараның соңында Жақсылық Аланов кездесуге қатысушыларға сот жүйесінің қызметін ақпараттық жариялаудағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар пен естелік сыйлықтар тапсырып, «Астана EXPO-2017» көрмесіне билеттер тарту етті.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Судьялар одағы соттардың қызметі, судьялар қоғамдастығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік сот материалын анықтау бойынша ұйымдастырылған «Қоғам және  Заң» байқауының жеңімпаздарын анықтады.

Аталған байқау сот-құқықтық реформаны, судьялардың, соттардың, судьялар қоғамдастығының қызметін, имиджін көтеру және БАҚ-та жариялау мақсатында өткізілді.

Байқауға 20-дан астам теле-радио, баспа басылымдарының журналистері қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Шақпантаев өзінің кіріспе сөзінде сот жүйесі жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге журналистердің қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оларға жаңа заңнамалар мен облыс соттарының жұмысына енгізілген жаңалықтарды насихаттауда белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

 Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы сот жүйесіндегі реформаларды ақпараттандыру туралы үздік материал үшін «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисі - Айдана  Дайырова, сот жүйесінің беделін арттыру туралы үздік материалы үшін «Атамекен» телеранасының журналисі – Әлия Сембинова, татуластыру рәсімдерін түсіндіру туралы үздік материалы үшін «Дидар» облыстық газетінің журналисі – Дәурен Аллаберген, «Резонанс» сот істері жөніндегі талдамалық очерктер мен репортаждар» номинациясымен «yk.kz» сайтының журналисі -  Наталья Анатольевна  иеленді.

Журналистерге  судьялар қауымдастығы атынан дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар тапсырылды.

 

 

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 Құттықтау сөз алған төраға сот имиджін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше ықпалына тоқталды. Сонымен қатар, ол сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар жайлы айтты. Мәселен, «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. 

Облыстық сот төрағасы журналистердің жүйелі еңбегенің арқасында әлем тынысымен танысып отырамыз дей келе, «сот билігі мен халық арасын байланыстыратын журналистер қауымы сотта қаралып жатқан істердің мән-жайын оқырмандар мен көрермендерге уақытылы жедел жеткізіп отырасыздар», - деді.

Құттықтау сөзге БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судья Гүлманат Артықбаева қосылып, БАҚ пен сот арасындағы кәсіби деңгейдегі өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды. Судья журналистерді жаңалықтарды барынша жылдам таратумен қатар, ақпарттың жан-жақтылығы мен сапасына көңіл аударуға шақырды.

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, БАҚ өкілдеріне сән салонына бару сыйлық сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүргізуде, өңірдің сот жүйесінің жағымды имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген облыс соттарының қызметкерлері марапатталды.   

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» қарсаңында тілшілермен судьялар арасында боулинг бойынша турнир ұйымдастырды.

Іс-шараға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, облыстық және қалалық соттардың судьялары қатысты.

Турнирді облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашты. Ол тілшілерді мерекемен құттықтап, оларға шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі.

Бұдан әрі ойын ұйымдастырылды, онда «Хабар 24», «Хабар», «КТК», «Астана», «Бірінші Еуразия», «Муниципалдық телерадиоарна», «Қазақстан-Петропавл» телеарналарының тілшілері, «Литер», «Юридическая газета», «Экспресс К», «Северный Казахстан», «Солтүстік Қазақстан» баспасөз БАҚ-ның, «Қазақпарат» интернет басылымының тілшілері жеңіс үшін сайысты.

Қызықты сайыста «Рубикон» командасы жеңіске жетті. «Серые будни» командасы күміс жүлдені, «Мерген» командасы қола жүлдені иеленді. Арнайы «Жеңіске деген ынтасы үшін» және «Спортқа деген үміт» аталымдарында  «Фортуна» және «Әділет» командалары көзге түсті.

Жеке біріншілікте көзге түскен тілшілер аталды.

Тілшілер осы турнирді өткізуді ұйымдастырған судьяларға алғыстарын білдірді және болашақта осындай шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналатынына үмітті екендерін атап өтті.

 

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов БАҚ өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында облыстық сот корпусының басшылығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Кездесуде Мақат аудандық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші-судьясы Ғалым Шыңғысовтың, ювеналдық соттың баспасөз қызметінің маманы Ақмарал Амандықованың, әкімшілік соттың маманы Әйгерім Есімованың, қылмыстық соттың маманы Айман Қожахметованың сот корпусындағы жаңалықтарды жедел насихаттаудағы қызметі аталып өтілді.

Журналистер сот корпусының масс-медиа өкілдерімен табысты жұмысын атап өтіп, облыстық сот басшылығына көрсеткен құрметі үшін алғыстарын білдірді. 

 

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов журналистерді құттықтап: «Бұқаралық ақпарат құралдары мен соттардың өзара іс-қимылдарының негізгі мақсаты - жариялылық, сот төрелігінің ашықтығы принциптеріне негізделген, соттар қызметінің объективті, шынайы және жедел жариялаудан тұрады», - деп атап өтті.

 Жемісті ынтымақтастық және сот жүйесі қызметінің жоғары кәсібилігін насихаттауда бірқатар журналистерді ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне билеттермен марапаттап, алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, облыс соттарының судьялары мен мамандарына БАҚ-пен өзара іс-қимыл орнатуға қосқан үлесі және сот жүйесін ілгерілетуге белсенді  қызметі үшін грамоталар табысталды.

 

Әскери соттының төрағасы Сәкен Абдолла журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, тілші қызметі риясыздық, шынайылық, кәсибілік және жауапкершілікпен қатар, қоғамға тиімді әрі сауатты ақпарат жеткізуді талап ететінін атап өтті.

«Журналистердің күнделікті жұмысының арқасында біз әлемде болып жатқан жаңалықтармен танысып отырамыз, ең негізгісі, халықтың кең ауқымы сот жүйесінің жұмысы туралы біліп отырады» - деді төраға.

Кездесудің қатысушылары сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі, негізгі құқықтық реформалары туралы әңгімелесті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы мәселелер қозғады.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдері алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков журналистерді құттықтап: «Сіздер халық игілігіне қызмет жасап, үнемі көпшіліктің көңілінен шығатын қызықты да тартымды, әрі маңызды ақпараттарды таратып келесіздер», - деді.

Сонымен қатар, ол мереке иелеріне шығармашылық табыс тілеп, облыс соттарымен тығыз байланыс жасап, сот жүйесі қызметін насихаттауға мол үлес қосқан бірқатар журналистерге құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Салтанатты жиында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан мен «НАР-ТВ» телеарнасының директоры Ерсұлтан Әмірбек облыстық соттың басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс жасауға мүдделі екендіктерін білдірді.

 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және журналистермен «дөңгелек үстел» өткізді.

Досжан Әміров мемлекет пен қоғамның құрылуы мен дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін жоғары бағалап, сот жүйесіне көрсетілетін ақпараттық қолдау мен әріптестік үшін БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді. Сот төрағасы «Сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігі –Елбасы және Жоғарғы Соттың басшылығы белгілеген біздің жұмысымыздың басым бағыттары» - деп атап, БАҚ өкілдерін сот төрелігінің ашықтығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етуге оң ниетпен және ұдайы түрде әріптестікті жалғастыруға шақырды. 

Облыстық соттың төрағасы БАҚ өкілдерінің жұмыстарына шығармашылық табыс, денсаулық, амандық және шабыт тілеп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сот беделін көтеруге қосып отырған үлестері мен жемісті әріптестігі үшін алғыс хаттар табыс етті.

Журналистер кәсіби мереке күні кездесу ұйымдастырып, көрсеткен ықыласы  үшін алғыс сөздерін айтып, облыс соттарымен одан әрі әріптестікті жалғастыру бойынша алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.

Источник: 
жергілікті соттардың баспасөз қызметтері