Архив событий

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы мамандандырылған соттарда жұмыс кеңесін өткізді

26/06/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының мамандандырылған соттарының жұмысымен танысып, судьялар және сот қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Облыстық соттың төрағасы мамандандырылған соттарда ағымдағы жылдың 5 айы және 2016 жылдың республика бойынша мамандандырылған соттардың көрсеткіштерін салыстыра отырып жұмыс сапасын талқылады, сонымен қатар соттардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Алматы облысының соттары: бейнебайланыс арқылы қылмыстық істерді қарау

26/06/2017

Қапшағай қалалық соты қауіпсіздігі барынша төмен колонияға ауыстыру туралы азамат Р.-ның өтінішін қарады.

Р. 2009 жылғы 30 маусымда Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуға сотталған.

Сот отырысы Р. жазасын өтеп жатқан қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің бірінмен бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Сот іс материалдарын қарап, процеске қатысушыларға сұрақтар қойып, сотталғанның өтінішін қанағаттандырды.

Маңғыстауда алаяқтық жөніндегі қылмыстық істер туралы мәселелер талқыланды

26/06/2017

Маңғыстау облыстық соты облыстық адвокаттар алқасымен қол қойған меморандумды іске асыру шеңберінде «Алаяқтықтың жаңа тәсілдеріне байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру мен қараудың ерекшеліктері» атты семинар өткізді.

Семинарға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған  теңестірілген соттардың қылмыстық істерді қарайтын судьялары, прокуратура, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.