Архив событий

06/06/2017

Үздік судьялар мен қызметкерлерге «Астана EXPO-2017» көрмесінің билеттері берілді

06/06/2017

«Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қарсаңында жұмыста үздік көрсеткіштерге ие судьялар мен қызметкерлерге аталған іс-шараны тамашалау үшін билеттер берілді.

Мұндай шешімді еліміз үшін «EXPO-2017» көрмесінің маңызы туралы арнайы отырыстар өткізу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық Кеңесі өңірлік филиалдармен бірлесіп қабылдады. Билеттердің бір бөлігі ардагер судьяларға берілді. Көрменің барлық билеттері Судьялар одағының қаражатына алынды.