Архив событий

20/06/2017

Ақмола облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды

20/06/2017

Бүгін Ақмола облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылғы 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Егор Каппель, мемлекеттік органдардың өңірдегі басшылары, жергілікті сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшілігінің басшысы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық сотының төрағасы онлайн-режимінде азаматтар қабылдауын өткізді

20/06/2017

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов бейнебайланыс арқылы Баянауыл және Успен аудандарының азаматтарын қабылдады.  

Бейнебайланыс жүйесін қолдану азаматтарға қалаға келмей-ақ, төрағамен нақты уақыт режимінде байланысуға және өздерін қызықтыратын сұрақтарға тиянақты жауап алуға мүмкіндік береді.

Осы күні жеті тұрғын төрағаға сұрақтарымен жүгінді.