Архив событий

27/06/2017

Республика судьялары журналистердерді кәсіби мерекемен құттықтады

27/06/2017

Ақтөбе облыстық сотында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңірде жұмыс жасайтын БАҚ-тың барлық өкілдері қатысқан салтанатты іс-шара өткізілді.

 Барлық тілшілерді тиісті түрде шақыру алдын-ала шараға дейін облыстық соттың ресми сайтында жарияланды

Кездесу сот бойыша экскурсиямен басталды. Тілшілер назарына отандық сот iсiн жүргiзуде пайдаланып жүрген қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар көрсетілді.

Атырау облысының сот корпусында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

27/06/2017

Атырауда облыстық сот төрағасы Марғұлан Бектұрғанов сот корпусына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы төрағасы лауазымынан босатылған Манат Комиршинов тағайындылды.

Облыстық соттың судьясы лауазымына бұрын Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымында болған Сағат Хасан тағайындалды.

Маңғыстау облыстық сотында еңбек даулары бойынша татуласу рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

27/06/2017

Талқылауға судьялар, медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдардың және кейбір заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.

Семинар жұмысы басталар алдында облыстық соттың татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьясы Гүлжахан Иманғалиева мен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Салтанат Абдухадирова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.