Архив событий

28/06/2017

Қайрат Мәми лорд Гэри Вульфпен кездесті

28/06/2017

Астана қаласында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ұлыбритания Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы, лорд Гэри Вульфпен кездесті.

Кездесуге «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Астанадағы Лорд өкілі, АХҚО-ның сот пен Халықаралық арбитраж орталығын құру және дамыту бойынша сарапшысы Кристофер Кэмпбелл қатысты.

Жоғарғы Сот Төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Іс-шараға жоғары сот органының сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты.