Архив событий

08/06/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы өңір тұрғындарының сауалдарына жауап берді

08/06/2017

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыс тұрғындарымен интернет конференция өткізді. Өткізілетін іс-шара туралы облыс тұрғындарына облыстық соттың ресми сайты арқылы алдын ала хабарландыру жарияланған болатын.

Іс-шара барысында облыстың бірнеше тұрғынынан сауалдар түсті. Сұрақтар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты болды.

Батыс Қазақстан облысының Судьялық әдеп жөніндегі комиссияның төрағасы жас судьялармен семинар-кеңес өткізді

08/06/2017

Батыс Қазақстан облысы Судьялар одағы филиалының Судьялық әдеп жөніндегі комиссияның төрағасы Хабиболла Аманқұлов Орал қаласының №2 сотында жас судьялармен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстық соттың судьясы Х. Аманқұлов судья жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімді үндестігін қамтамасыз ететін, тәуелсіз сот төрелігін қолдауға негіз болып табылатын, жұртшылықтың сот төрелігі жүйесіне сенімін нығайту мақсатында мінез-құлықтың жоғары стандарттарын көрсетуге және ұстануға міндетті екенін атап өтті.

Маңғыстау облыстық сотында атқару өндірістерін қозғаудан бас тарту мәселелері талқыланды

08/06/2017

Маңғыстау облыстық сотында «Атқару өндірісін қозғаудан бас тарту және атқару парақтарын негізсіз кері қайтару» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  

Іс-шараға Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Қалпақов, өңірлік соттардың  кеңсе меңгерушілері,  жеке сот орындаушылар қатысты.

Пікірлер мен ұсыныстар