Архив событий

01/06/2017

Республикадағы судьялар мен сот қызметкерлері Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде қайырымдылық шараларын өткізді

01/06/2017

Балаларды қорғау күні Судьялар одағының Жоғарғы Соттағы филиалы кейбір қамқорлыққа зәру көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға материалдық көмек көрсетті.

Аталған отбасылар осы күні азық-түлік, киім-кешек пен ойыншықтарға ие болды.

 

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» қайырымдылық акциясын жалғастыра отырып, «Қостанай облысының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінде болып, ондағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.  

Астана қаласының ювеналды сот төрағасы Н.Раззақ балалармен өзара іс-қимылға қосқан үлесі үшін БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар қорының медалімен марапатталды

01/06/2017

Астана қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Нәзиля Раззақ елордада өткен «Қазақстан – балаға достық мейіріммен» атты конференцияда сөз сөйледі.

Н.Раззақ «Балаларға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу» тақырыбында сөз сөйлеп, онда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қазақстандық сот төрелігін жетілдіру бойынша жұмыстардың жалғасып жатқандығын айтып өтті.

Павлодарда жер дауларын қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

01/06/2017

Павлодар облыстық сотының «дөңгелек үстелінде» мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюмен байланысты жер дауларын қараудың сот практикасы талқыланды.

Іс-шараға адвокаттар, прокурорлар, судьялар мен уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Отырысты облыстық соттың судьясы Гүлсара Гаипова жүргізді.

Судьялыққа үміткер-тағылымдамашылар мен Сот төрелігі академиясының магистранттары қойылымдық сот отырысын өткізді

01/06/2017

Сарыарқа аудандық сотында судьялыққа үміткер-тағылымдамашылар мен Сот төрелігі академиясының магистранттары қойылымдық сот отырысын өткізді. Іс-шараға аталған соттың төрағасы А.Жүкенов пен сот судьялары қатысты.

Академия магистранттары қойылымдық сот отырысын күрделі санаттағы істерге жататын мемлекеттік органның іс-әрекетін даулау туралы азаматтық іс бойынша өткізді.

Пікірлер мен ұсыныстар