Павлодарда жер дауларын қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының «дөңгелек үстелінде» мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюмен байланысты жер дауларын қараудың сот практикасы талқыланды.

Іс-шараға адвокаттар, прокурорлар, судьялар мен уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Отырысты облыстық соттың судьясы Гүлсара Гаипова жүргізді.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов «дөңгелек үстелдің» жұмысын аша отырып, қазіргі уақытта аталған санаттағы даулар үлкен әлеуметтік резонанс пен қоғамдық маңыздылыққа ие болғанын атап өтті.

Олардың дұрыс және уақытылы шешілуіне тек жер-құқықтық қатынастарының дамуы мен жетілдіруі ғана  емес, сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайы да тәуелді.Сондықтан да жер қатынастарын реттеу саласында құқық қолдану практикасын, бірыңғай құқықтық кеңістікті қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.

Қатысушылар өз баяндамаларында нақты мысалдар келтіріп, түйткілді мәселелерге тоқталды. Талқылау барысында уәкілетті мемлекеттік органдар жіберетін бірқатар кемшіліктерге, мәселен, істерде мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп алып қою жағдайының өзгешелігін растайтын жазбаша құжаттарының, жергілікті атқару органдарының сотқа жүгінгенге дейін қолданатын іс-шараларының жоқтығы және жер телімдеріне меншік құқығының туындау мән-жайларының тиісті түрде анықталмауын атап айтуға болады.

Қорыта келе қатысушылар тақырыптың өзектілігін және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мақсатында осындай талқылаудың қажеттігін тағы бір мәрте атап өтті.

Қайнар: 
Пресс-служба Павлодарского областного суда