Ақмолада және Павлодарда сақтандыру туралы заңнаманы қолдану мәселелерін талқылау және оқыту бойынша іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты жас судьялар үшін үлгілі сот отырысының көрсетілімін өткізді.

Сот отырысының көрсетілімінде облыстық сот алқаларының төрағалары, жас судьялар, тәлімгерлер, менторлар, отставкадағы судьялар, сот қызметкерлері мен тағылымдамадан өтуші кандидаттар қатысты.

Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов сот отырысының көрсетілімі басталар алдында сөз сөйлеп, іс-шараны өткізу мақсаты - қылмыстық іс бойынша келісімдік іс жүргізумен және сот медиациясын қолданумен азаматтық іс бойынша сот процесін дұрыс жүргізудің үлгісін көрсете білу екендігін атап өтті.

Сот отырысы көрсетіліміндегі іске қатысушы тұлғалардың рөлдерін жас судьялар өздері орындады.

Сот отырыстарының көрсетілімі аяқталған соң қатысушы судьялар, тәлімгерлер және отставкадағы судьялар сот отырысын жүргізу барысы мен ұйымдастыру деңгейін талқылап, өз ойлары мен пікірлерін айтты.

Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, үлгілі сот отырыстарының көрсетілімдері жас судьялар үшін сот отырысын ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында пайдасы зор.

 

Павлодар облыстық сотында «Сақтандыру туралы заңнаманы қолданумен дауларды қараудың сот практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» қонақтары мен қатысушылары ретінде адвокаттар, прокуратура органдарының, сақтандыру компанияларының өкілдері, нотариустар, медиаторлар мен облыс судьялары қатысты.

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов «дөңгелек үстел» жұмысын аша отырып, мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген ағымдағы жылғы шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге назар аударылған Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында талқыланатын тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша медиация институтының даму қажеттілігі талқылаудың негізгі тақырыбы болып табылды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын бағалау жүргізу бойынша міндеттерді сақтандыру компанияларына, яғни сақтандырушыға жүктейтін «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңның қағидасы тудырды, адвокаттардың пікірінше әдетте, бұл зиян құнының кемуіне алып келеді.

Сондықтан да қатысушылар аталған санаттағы даулардың қаралуына мамандандырылған «авто-заңгер» түсінігінің өңір шеңберінде даму қажеттілігі туралы пікірлері бір жерден шықты. Ол үшін нақты үміткерлер – зиянды бағалау бойынша сараптамалық қызмет саласында ұзақ жылдар жұмыс өтілі бар адвокаттар ұсынылған болатын, оларға тезірек оқытудан өтуге және беделді пікіріне сақтандыру компаниялары, сондай-ақ осы құқық қатынастарының басқа қатысушылары құлақ асатын медиаторлардың лицензиясын алуға кеңес берілді.

Нәтижесінде, іс-шара қатысушыларының өзара  әрекеттесуі туралы жалпы ұсынымдар мен сақтандыру саласында қолданыстағы  заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.  

Қайнар: 
Ақмола және Павлодар облыстық соттардың баспасөз қызметтері