Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкерлерінің қайырымдылығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен Сайрамдағы №4 балалар үйін облыс соттары қауымдастығы тарапынан тұрақты қамқорлыққа алу жөніндегі ұсынысыҚазақстан Судьялар одағының облыстық филиалы тарапынан қолдау тауып, арнайы іс-шаралар жоспары жасалған болатын. 

Осы жоспарға сәйкес облыстық соттың және Шымкент қаласының Еңбекші, Абай, Әл-Фараби аудандық соттарының судьялары тарапынан ай сайын Сайрамдағы №4 балалар үйінде тәрбиелініп жатқан балаларға қайырымдылық көмегін көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кеңсесінің қызметкерлері Сайрамдағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар сыйлап,  Шымкент қаласындағы циркке апарды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі