Қарағандыда жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотының президиум отырысында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.

Салтанатты рәсімге Қарағанды облыстық сотының  төрағасы М.Әлімбеков, облыстық соттың судьялары қатысты.

Президенттің 2016 жылдың 17 тамыздағы №307 Жарлығымен Сәкенов С.Т. Ақтоғай аудандық сотының судьясы, Аймағамбетов Е.Ж. және Сүлейменова В.А. Жезқазған қалалық сотының судьялары, Қойшыбаев Д.Т. Қаражал қалалық сотының судьясы, Сейпішева Г.Р. Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотының судьясы, Әбдіқадырова Ф.Ж. Сәтпаев қалалық сотының судьясы, Оңдасынова Г.О. және Тоқшылықова Л.Д. Теміртау қалалық сотының судьялары, Танадбаев Р.Х. Шахтинск қалалық сотының судьясы болып тағайындалды.

М. Әлімбеков жас судьяларды өмірлеріндегі ерекше күнімен құттықтап, өз кәсібін шебер меңгерген маман, судья атына лайықты азамат болуындарын тіледі. 

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі

Ұқсас мәліметтер