Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Абай аудандық сотында Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары М. Бимағамбетовке қатысты үкім жарияланды.

М. Бимағамбетов лауазымды тұлға бола тұра, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігінде көзделген (мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның қызмет мүдделерiне кереғар пайдалану, өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін асыра пайдалану, өзіне және басқа тұлғаларға пайда келтіру) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

Аталған сот үкімімен М. Бимағамбетов кінәлі деп танылып, оған 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Ол (жарғы капиталы мемлекеттің үлесінің 50 пайызыдан астамын құрайтын) мемлекеттік ұйымдарда 3 жыл мерзімге жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкімнің заңды күшіне енуіне дейін тыйым салу шарасы кепілдеме түрінде бұрынғыдай қалдырылды.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі