Бүгін Жоғарғы Сотта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтауының өзекті мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтауының өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстелі» болып өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының, Еуропалық Кеңестің Венециалық Комиссиясының және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ә.Құрықбаев, Молдова Республикасы Әділет министрінің орынбасары, Еуропалық Кеңестің Венециалық Комиссиясының мүшесі Е.Николае, Жоғарғы Сот судьялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты.  

Іс-шараға қатысушылар сот жүйесінің тәуелсіздігі, Стамбұлда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру, судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтауы және Сот жюриі қызметінің мәселелерін талқылады.

«Дөңгелек үстел» жұмысына төрағалық етуші Ә.Құрықбаев өзінің құттықтау сөзінде «Әдеп нормаларының жоғары стандарттарын қамтамасыз етпейінше, соттардың жұмысы  туралы халықтың жоғары бағасына ие болу мүмкін емес. Міне, сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және судьялық әдептілікті сақтау мәселелері өзекті болып табылады», - деді.

«Дөңгелек үстел» жұмысының арнайы бөлімі Судьялар әдебі кодексінің жаңа нұсқасын талқылауға арналды. Судьялар корпусы үшін өте маңызды құжатты таныстыру барысында Жоғарғы Сот судьясы Қ.Шаухаров Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын іске асыру қарсаңында Кодексті қабылдаудың қажеттілігін атап өтті. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сындарлы пікір алмасу орын алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес және судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірленді. 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі