«Bnews.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құрықбаевтың қатысуымен онлайн-конференция өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін «Bnews.kz» ақпараттық порталында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ә.Құрықбаевтың қатысуымен қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша онлайн-конференция болып өтті.

Онлайн-конференция Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 278 өкімімен бекітілген Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа моделіне көшудің бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Халықтан келіп түскен сұрақтар «Bnews.kz» сайтында бір апта бойы жинақталды.

Порталдың тұтынушылары конференция тақырыбына зор қызығушылық білдірді. Іс-шараны өткізу барысында мәселелердің кең көлемі қамтылды. Сот өндірісінің іске асырылу тетіктері, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану мәселелері талқыланды. Интернет тұтынушыларды бірқатар жаңа өзгерістердің мән-маңызы мен оларды сот тәжірибесіне енгізудің алгоритмі қызықтырды. Олардың қатарында: қылмыстық теріс қылық, тергеу судьясы, айғақтарды кейінге сақтап қою, кінәні мойындау туралы мәміле және т.б. бар.

Сонымен қатар, қалай судья болуға болады және бұл лауазымға үміткерлерге қандай талаптар қойылатындығы туралы сұрақтар да болды.

Судья Ә.Ж.Құрықбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген жаңа кодекстер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енетіндігін атап өтті. Олардың барлығы, ең алдымен, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін неғұрлым тиімді қорғауға бағытталған. Осы орайда, аталған заңдар бұл бағыттағы жұмыстарды неғұрлым тиімді іске асыруды көздейтін жаңа новеллалардан тұрады.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі