Азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің тиімділігін арттыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық соты «Халықаралық құқық қорғау» ҚБ-мен бірлесіп, «Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері. Сотқа дейінгі міндетті реттеу» тақырыбына семинар-жаттығу сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобасының тиімділігін көтеру.

Семинар жұмысына облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, облыс прокуратурасының өкілдері, нотариустар, кәсіби медиаторлар, Қазақстан халық Ассамблеясы, «Даму» қоры» АҚ, «Атамекен» ҚБ және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы облыстық сотының судьясы, медиация бойынша үйлестіруші Н.Ж.Жекенова жобаның негізгі мақсаты мен міндеті татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара спикері, «Халықаралық құқық қорғау» ҚБ президенті, медиатор-жаттықтырушы Ж.А.Жакупов: «2011 жылдан бастап, ХҚҚО-да Медиация орталығы және медиаторлар мен келіссөз жүргізушілерін дайындау мектебі қызмет етеді. ХҚҚО медиаторлар тізілімі Қазақстанның 16 өңірінде тәжірибе жинақтап жүрген 700-ден астам кәсіби медиаторлардан құралған», -деп түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ол қатысушыларды медиатордың коммуникациялық құралдарымен және еңбек дауларының келісім комиссиясында қаралу тәртібімен таныстырып өтті.

Іс-шара даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша жобаны талқылаумен және сертификат тапсырумен аяқталды.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі