Сот ісін жүргізуді жаңғырту шеңберінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық соты судьялардың, прокуратура және полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен «Қылмыстық істер бойынша бұйрықтық іс жүргізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Қылмыстық құқықтың жаңа институтындағы бұйрықтық іс жүргізуді құқықтық қолдану мәселелері талқыланды. Мәселен, қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа нысаны бойынша судья сотқа дейінгі сатыда іс жүргізудің барлық шарттарының сақталғанын мойындап, үкімді үш тәулікке дейінгі мерзімде шығарады. Осы шаралар қылмыстық істерді қарау уақытын үнемдеуге, күдіктілер кінәсін мойындайтын және дәлелдемелерді дауламайтын істер бойынша формальды рәсімдерден арылуға бағытталған. Бұйрықтық іс жүргізуде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша істер қаралады. Жазалау – айыппұл түрінде болады. Осы институтты қолдану шектелген.

Түрксіб аудандық сотының судьясы Жансая Намазбаеваның айтуынша, жыл басынан бері бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде 11 қылмыстық іс қаралған. Бұл есірткі заттарының заңсыз айналымына, ұсақ-түйек ұрлау, құжаттарды қолдан жасауға және жалған құжаттарды пайдалануға байланысты істер. Тәжірибе көрсеткендей, барлық қаралған істер бойынша құқық бұзушы айыппұлдарды уақытылы төлеген.

Талқылауға қатысушылар практикадан нақты мысалдарды зерделеп, қолданыстағы институтты жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар жасады.

 

 

Қарағандының Октябрь аудандық № 3 соты «Отбасылық сот» пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде отбасылық жанжалдарды шешу кезінде дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді белсенді қолданып келеді.

Мәселен, а.ж. 24 қыркүйектен 24 қазан аралығындағы кезеңде сотқа некені бұзу туралы, соның ішінде кәмелетке толмаған балалары барлардың некесін бұзу туралы 35 талап арыз келіп түскен. Сот олар бойынша талап-арызды қабылдау сатысында тараптарды татуластыру бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде осы талаптардың шамамен 65,8% татуластыру рәсімдерін қолдана отырып реттелді.

Мәселен, ерлі-зайыптылармен және бес кәмелеттік жасқа толмаған баламен әңгімелесуде некені бұзу туралы талап-арыз бойынша ата-аналарын татуластыруға балалары айтарлықтай көмек көрсетті.

Талдау отбасылардың талап-арыздарда көрсетілген себептерге сәйкес келмейтін даулардың туындауының пәрменді себептерін анықтау мақсатында психологтың алдын-ала консультациясынан өту қажеттігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

 

 

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотында «Отбасы сотының» қызметі мәселелері талқыланды.

Талқылауға Сарыағаш, Шардара, Келес, Жетысай, Мақтарал, Қазығұрт аудандық және облыстық соттардың судьялары, Ішкі істер басқармасы, прокуратура, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, психологтар, әйелдер кеңестері, ардагерлер, ақсақалдар мен аналар, эьномәдениет орталықтары және басқа да қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар талқыланатын тақырып бойынша бейнероликтерді, сондай-ақ медиация және оның қолданылуын көрді. Жобаны іске асыру бойынша ұсыныстар мен жоспарлар жасалды.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Үлгілі сот» пилоттық жобасы шеңберінде судьялардың көмекшілері өз жұмысын бастады.

Судьялар көмекшілерінің жұмысы өзін-өзі ұйымдастыру процесін білдіретін ашық кеңістіктегі технология қағидаты бойынша ұйымдастырылаған. 8 судьяға төрт көмекші бекітілген. Олар өткен айда іс жүргізудегі істер бойынша 577 анықтаманың, 19 сот бұйрығының, 281 шешімнің, 86 сауалдың жобаларын әзірледі. Олар хат жобаларын жасады, іс бойынша судьяларға қажетті ақпаратты іздестіруді жүзеге асырды.

Көмекшілер тараптарға дауларды медиация тәртібінде шешудің артықшылықтарын, ал келісім болған кезде тараптарға жазбаша келісім беру қажеттігін түсіндірді. 

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі