Халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту шеңберінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және С.Аманжолов атындағы университет ректоры Мұқтар Төлеген Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне медаиторлар, оқытушылар, магистранттар мен ЖОО студенттері қатысты.

Меморандум татуластыру рәсімін және «Отбасы соты» жобасын кең қолдану  бойынша жұмыста өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.

Тараптар ЖОО психологтарының Өскемен қалалық сотының судьяларына медиация арқылы отбасылық жанжалдар мен дауларды шешуде практикалық көмек көрсету, сондай-ақ судьялардың студенттерге дәрістер оқу бойынша іс-шаралар жоспарланды.

 

 

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев, Тұрақты баспанасы жоқ балаларымен әйелдерді әлеуметтік – психологиялық сауықтыру және бейімдеу қалалық орталығының директоры Марина Стрелковская, әділет департаменттері бөлімдерінің және полиция басшысы Лариса Қабжасарова и Жасқайрат Қайыров, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының үйлестірушісі Әсел Әбішева Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз етуге, отбасыны сақтау және әлеуметтік жетімдікті болдырмау бойынша пәрменді шараларды әзірлеуге бағытталған. Олар отбасы-тұрмыстық жанжалдардың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыұтың алдын алу, отбасы соттарын және отбасы дауларын сотқа дейінгі реттеуді дамыту бойынша бірқатар іс-шараларды іске асыруды белгіледі.

 

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов «Отбасы соты» пилоттық жобасын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Кездесуге судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Шымкент қалалық сотының судьясы Гүлмира Қыдырбаева, Еңбекші аудандық сотының судьясы Әйнел Орақбаева және МАС Айнұр Оспанова пилоттық жобаның міндеттерін түсіндірді және соттарға түсетін жүктемені атап өтті. Сондай-ақ, олардың пікірінше, «отбасы сотына» соттың қарауына, жоба бойынша процестік әрекеттердің алгоритмін әзірлеуге жатуы тиіс істердің санатын атап өтті. Сотта, мысалға, тараптарға психологпен алдын ала кездесу мүмкіндігі ұсынылады.

Жоба бір сотта отасы істері бойынша барлық азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді қарауды, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды қалпына келтіруге және нығайтуға мүмкіндік туғызатын шешімдерді ізеудеге жәрдем көрсетуді болжамдайды. Осындай дауларды шешу үшін сотқа жүгінген азаматтарға медиаторлар мен психологтарға көмек ұсынылатын болады, ата-аналары мамандардың көмек алған, бірақ бәрібір ажырасуды шешкен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жәрдем көрсетіледі.

«Отбасы сотын» ювенальды базасында құру жоспарланған, мұнда сот процесінің барлық кезеңдерінде тараптардың татуласуына жағдай жасайтын медиатор мен психолог қатысады.

 

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жөкенов М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЮУ университетінің жоғарғы мектебінің директоры Сергей Пенмен кездесті.

Кездесуге қатысушылар ғылыми-зерттеу қызметі, білім бағдарламаларын дамыту және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу туралы уағдаласты.

Уағдаластыққа сәйкес сотта ЖОО студенттерінің азаматтарға тегін заңдық консультация көрсету бойынша ЖОО Заңды клиника жұмыс істейтін болады.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі