Атырау облыстық сотының төрағасы шалғайдағы ауыл тұрғындарымен телекөпір өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов онлайн-режимде Атырау облысының Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Марғұлан Бектұрғанов еліміздің қазіргі заманғы сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар мен жетістіктер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, төраға азаматтарды республика судьяларының VII съезі қарсаңында облыстық соттың «төраға блогына» соттардың жұмысын жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жолдауға шақырды.

Әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі азаматтар онлайн-әңгімелесу шеңберінде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сұрақтарын қойды. Көбіне сұрақтар азаматтық-құқықтық дауларды, соның ішінде, ажырасу даулары бойынша, ауданда адвокаттармен заң көмегін көрсету мәселелерін қамтыды.

Сот төрағасы бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмады.

Атырау облыстық сотында сот органдарының халыққа ашықтығын, қолжетімділігін, жариялылығын қамтамасыз ету  мақсатында барлық жағдай жасалған. 

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі