Астанада сот жұмыс берушіден бір миллионнан астам жәрдемақыны өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына  «АФ» АҚ-нан жүктілігі және босануы бойынша төленбеген жәрдемақыны өндіріп алу туралы Г. жүгінген.

Азаматтық істі қарау барысында сот Г. және АҚ араларында шарт жасалғанын анықтады, оның талаптары бойынша жауапкер талап қоюшыны заң қызметі және қауіпсіздік департаментінің директоры лауазымына қабылдаған. Тараптар қосымша келісім жасаған, онда еңбек заңнамасына сәйкес АҚ жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің қайта есептелген сомасынан алып тастау арқылы орташа еңбекақысын сақтай отырып әлеуметтік төлем жүргізуге өзіне міндеттеме алған.

Сотта анық болғандай, талап қоюшы жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған,  әрі Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Департаменті басшысы орынбасарының анықтамасына сәйкес әлеуметтік төлем тағайындалған, оны жауапкер толық көлемде төлемеген.

Сот, істі қарап, АҚ-дан Г-ның пайдасына  1 773 914 теңгені өндіріп алды (жүктілікке және босануға байланысты жәрдемақы).

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Теги: