Ақтауда судьялар қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев Ақтауда  сoттардың қылмыстылыққа қатыстылық пен қылмыстық  құқық бұзушылыққа  дем  берушілік  үшін  жауаптылық  туралы  заңнаманы  қолдануының  кейбір  мәселелері жөнінде  семинар өткізді.

Семинарға судьялар, адвокатура және құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Е.Қарабаев семинарда сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан–2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қылмыстық іс жүргізу жүйесін жетілдіру қажеттілігін айтқандығын, жалпы қылмыстық процесті реформалау және  құқық  қорғау  жүйесін  жетілдіру  мәселесі  Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да айтылғандығын атап өтті.

Е.Қарабаев қылмыс туралы хабарламау әрбір адамның дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізуге қасақана әрекет жасамауына, заңда көзделген құқықтық міндетті орындамауын білдіретіндігін жеткізді. Бұған қоса, ол қылмысты жасырып қалу, қылмыс жасаған адамды жасыру, қылмыс құралдары мен қаруларын жасыру оларды жою, қылмыстың іздерін және басқа да дәлелдемелерді жасыру, дем берушілікке қатысты кеңестер мен нұсқаулар, көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену туралы кеңінен түсіндірді.

Одан әрі Жаңаөзен  қалалық сотының судьясы  Дархан Тұрсынбаев баяндама жасап, сот тәжірибесінде кездескен қылмыстық  құқықбұзуда   қылмысқа  қатысы  болу   және  қылмысқа  жәрдем берушілікке  байланысты  істер  туралы   кеңінен тоқталды.

Семинарда Е.Қарабаев қатысушыларға халыққа ауыр  қылмыстар мен террористік актілер туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына  хабарлаудың және көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда жауапкершіліктің   көзделгендігін түсіндірудің маңызды екендігін ескертіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: