Солтүстік Қазақстан облыстық соты бітімгершілік келісімді бекітті, оның шарттары бойынша өндірілген сома балалар үйіне аударылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы уақытша басқару рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығындар бойынша сыйақы сомасын өндіру туралы акционерлік қоғамға К.Гусейновтың өтініші бойынша азаматтық істі қарады.

Істі қарау барысында талап қоюшыдан және жауапкерден бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініші келіп түсті, оның шарттары бойынша акционерлік қоғам К.Гусейновке Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан балалар үйінің есеп айырысу шотына 2017 жылғы 10 сәуірден кеш емес мерзімде аудару жолымен талап қою арызында мазмұндалған  талаптарының бөлігін төлеуге міндеттеледі. Талап қоюшы өз тарапынан қойылған талаптардан толық көлемде бас тартады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы К.Гусейнов пен акционерлік қоғам арасында жасасқан бітімгершілік келісімді бекітті.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: