Жамбыл облысында сот жәбірленушілерден алдау жолымен 30 миллион тенгеге жуық ақша алғаны үшін алаяқты 2 жылға бас бостандығынан айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының Шу аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша У.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оны аса iрi мөлшерде, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлігін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлiгіне құқықты иемденгені үшін кінәлі деп тапты.     

Іс құжаттарынан анықталғандай, У. 2010 жылдан бастап «Финанс» микроқаржылық ұйымында несие эксперті лауазымында жұмыс істеп жүріп, қызмет бабын асыра пайдаланып, өзінің пайдасы үшін:  несие алушылардың сеніміне кіріп, оларды несие алуға үгіттеп, ары қарай несиені өзі төлеп тұрамын деп сендірген. Жалпы осылайша 2010 жылдан бастап У. несиеге шыққан ақшаларды 97 жәбірленушілерден алдап алып,  жәбірленушілерге барлығы 29 324 059 теңгеге материалдық залал келтірген. 

Сот У.-ды 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, келтірілген 29 324 059 теңге (материалдық залалды) жәбірленушілерге өндіріп, меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған мүлігін тәркілеумен, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.      

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: