Ақтөбе облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдастық бірлестігі өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдастық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастыққа қол қойылды.  

Меморандум мақсаты – сот жүйесі мен жалпы құқық саласындағы реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, сот жүйейсінің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты жарықтандыру, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін, сот жүйесінің беделін жақсарту болып табылады.

Тараптар сот ісін жүргізу қағидаттары мен соттар және судьялардың қызметі бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, халық арасында түсіндірме жұмыстарын «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестіктің ресми сайтында бірқатар жарияланымдарды ұйымдастыру арқылы немесе ақпаратты БАҚ өкілдері арқылы тарату, нақты істер бойынша брифинг, баспасөз-конференцияларын өткізу, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын енгізу бойынша өзара ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі