Ақтөбе қалалық соты мүгедектің үй алу кезегін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Г. Жаманқұлованың жауапкер «Ақтөбе қалалық Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге үй алу кезегін қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер Г. Жаманқұлова жауапкер «Ақтөбе қалалық Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің деректер базасында 2007 жылғы шілдеде «І және ІІ топтағы мүгедектер» санаты бойынша № 313 болып тіркелген. Алайда, 2015 жылғы сәуірде кезектен алынып тасталғандығы анықталды.

Талапкер Г.Жаманқұлова соттан жауапкер «Ақтөбе қалалық Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің әрекетін заңсыз деп тануды және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізіміндегі үй алу кезегін қалпына келтіруді сұраған.

Сот іс материалдарын жан-жақты, мұқият зерделеп, талапкердің талап арызын толық қанағаттандырды.

Жауапкердің әрекеті заңсыз деп танылып, талапкердің үй алу кезегі қалпына келтірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі