Архив событий

27/04/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары соғыс ардагерлерін Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады

27/04/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық  сот алқасының судьялары «Ардағым – ардагерім» қайырымдылық акциясының шеңберінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, оларды Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Сот табиғатқа залал келтіргені үшін жаза тағайындады

27/04/2015

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты табиғатқа залал келтірген деген айып бойынша азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтауы бойынша Павлодар қаласының тұрғыны Қорғалжын табиғи қорығы аумағынан «артемия салина» цисталарының үш қабын автокөлікке салып әкеткен. Осы әрекетімен ол табиғатқа залал келтірген.

«Артемия салина» цистасы – желбезекаяқтылар класына жататын шаянтәрізділердің уақытша тіршілік ету формасы. Қазіргі кезде бұл популяция жойылу қауіпінде, ол Қорғалжын қорығының қорғауында тұр.  

2015 жылдың бірінші тоқсанында қаралған азаматтық істердің саны көбейді

27/04/2015

БААТЖ мәліметтері бойынша 2015 жылғы 1-тоқсанда республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 252 001 арыз бен іс, соның ішінде 151 119 азаматтық, 91 794  әкімшілік және 9 088 қылмыстық іс келіп түсті.

Бұл 2014 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 18 564 іске немесе 6,9%-ға кем (270 565 арыз бен іс, соның ішінде 156 194 азаматтық, 103 513 әкімшілік және 10 858 қылмыстық іс).

Соттар қаржылық есептілік жүйесінің деңгейін арттыруда

27/04/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта облыстық және оларға теңестірілген соттар кеңселерінің қаржылық бөлім қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік мекемелерде қаржылық есептілікті құру мәселелері» атты тақырып бойынша үш күндік семинар өтуде.