Сот табиғатқа залал келтіргені үшін жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты табиғатқа залал келтірген деген айып бойынша азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтауы бойынша Павлодар қаласының тұрғыны Қорғалжын табиғи қорығы аумағынан «артемия салина» цисталарының үш қабын автокөлікке салып әкеткен. Осы әрекетімен ол табиғатқа залал келтірген.

«Артемия салина» цистасы – желбезекаяқтылар класына жататын шаянтәрізділердің уақытша тіршілік ету формасы. Қазіргі кезде бұл популяция жойылу қауіпінде, ол Қорғалжын қорығының қорғауында тұр.  

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінің 6-тармағында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан бір жыл мерзімге шектеу және Қылмыстық Республикасы Қылмыстық Кодексінің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес қоғамдық орындарда 150 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, қосымша жаза ретінде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан бір жылға айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: