Архив событий

17/04/2015

Астана қалалық сотында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өтті

17/04/2015

Бүгін Астана қалалық сотында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын мерекелеу шеңберінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталмыш шара сан ғасырлық тарихы бар қазақ мемлекеттілігінің мұрасымен таныстыру арқылы отансүйгіштікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен семинар өтті

17/04/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен «Салық, кеден органдарының іс-әрекеттеріне шағымдану. Мемлекеттік органдарға қатысты дауларды сотқа дейін реттеу» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Аула сыпырушы өз құқығын қорғады

17/04/2015

Қостанай қалалық соты азаматша Татьяна Борзилованың жұмысқа қайта орналасу және «Стандарт 04» ЖШС-нен мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақыттағы еңбекақысын өндіріп алу туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады.

Азаматша Қостанай қаласындағы «Железнодорожник» жеке пәтер иелері кооперативінде 2008 жылдың 24 қарашасынан 2014 жылдың 3 ақпаны аралығында аула сыпырушы болып жұмыс істеген.  

Сот жүйесінде дауларды медиация арқылы шешуге зор мән берілуде

17/04/2015

Дауларды реттеудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге бағытталған  басым бағыттардың бірі бітімгершілік рәсімдерін, соның ішінде көптеген шетел сот ісін жүргізулерінде кеңінен таралған нысандардың бірі медиацияны дамыту өзекті мәселе болып табылады.

Елбасының республика судьяларының VI съездінде сот жүйесінің басым бағыттары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Жоғарғы Сот істерді шешудің баламалы институттарын кеңейту бойынша іс-шаралар қабылдады.

Семей қаласының ювеналды соты ардагерлерді құттықтады

17/04/2015

Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы (Семей қ.) Р.М.Құсайынов, судьялар С.У.Азмағамбетова және Р.З.Байжұманова соғыс ардагері Кентаев Насыр Ахметвуәлиұлы мен оның жұбайы – тыл ардагері Қасымбекова Атина Қыздарбекқызын құттықтады.

Насыр ата 1941 жылы әскерге шақырылып, Берлинге дейін барған. Сол кезде оның болашақ жары Атина апа судьялыққа сайланып, соғыс кезінде Семей облысының Шар аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.