Архив событий

16/04/2015

Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен экс-кеңесшісіне қатысты үкім шықты

16/04/2015

2015 жылғы 16 сәуірде Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары А.Д.Әбдіқалықовқа, Павлодар облысы әкімінің экс-кеңесшісі Т.К. Бәстеновке, кәсіпкерлер З.М. Мәнсұровке, Б.Н. Апсалямовке және Г.Т.Боромбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету

16/04/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Осы іс-шараға судьялар, республикалық және жергілікті баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.

Қапшағай қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

16/04/2015

Алматы облысының Қапшағай қалалық сотында 2015 жылдың І-ші тоқсанының қорытындысы  бойынша 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа еңгізілген  ҚР ӘҚБтК нормаларын  қолдану барысында  туындаған мәселелер бойынша  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы қос судьяны мерейтойымен құттықтады

16/04/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы 60 жасқа толған әріптестерін салтанатты жағдайда мерейтойымен құттықтады. Облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьялары Бақытжан Әзімбайұлы Ботабеков пен Сәбит Бақтыбайұлы Жақсылықовты құттықтап сөз сөйлеген облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов: «Сіздерді 60 жасқа толған мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер шын мәнінде бүкіл саналы ғұмырларыңызды заң үстемдігін қамтамасыз ету жолына арнап, сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келесіздер.

Ақмола облыстық сотының мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан судьяларға арналған Жауынгерлік Даңқ Залы ашылды

16/04/2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына тарту ретінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Ә. Әбдіқановтың басшылығымен аталған сот мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан судьялар құрметіне Жауынгерлік Даңқ Залы ашылды.

Бұл рәсімге облыс соттарының судьялары, сот қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімін күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

16/04/2015

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат қаралды.

Бауыржан Әбдішев ҚР ҚК-нің 307-бабының 4-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 310 бабы 3 бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) көзделген  сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айып тағылып отыр.