Архив событий

01/04/2015

Судьялар, АІІБ және медицина қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әзірлеу сапасы туралы мәселелерді талқылады

01/04/2015

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты аудандық ішкі істер бөлімінің және орталық емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Медициналық куәландыру қорытындылар және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дайындау сапасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Жас судьяларға арналған семинар-тренинг өтті

01/04/2015

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істерді қарайтын 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас судьяларға арналған семинар-тренинг болып өтті.

Осы іс-шара барысында қылмыстық істі басты сот талқылауына дайындау, бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істер бойынша сот тергеуі, сот үкімін әзірлеу, сот үкімінің заңдылығы мен негізділігі мәселелері талқыланды.

Ақтөбе қалалық соты подполковникке қатысты бұйрықтың күшін жойды

01/04/2015

Ақтөбе қалалық сотында талапкер Е.Ізбағамбетовтің жауапкер «Ақтөбе облыстық ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің департаменті» ММ-нің бұйрығын заңсыз деп тану және 50 000 теңге көлемінде моралдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

ЖШС-нің коммерциялық директоры сотталды

01/04/2015

Өскемен қаласының №2 соты 3 694 294 теңге көлемінде қаржыны жымқырғаны үшін айыпталған «Ульба Комплекс» ЖШС-нің коммерциялық директоры О.Спанқұловқа қатысты үкім шығарды.

ЖШС коммерциялық директоры бола отырып, келісім, келісім-шарттар жасау және экономикалық мәселелерді шешу, конгигнациялар, дебиторлық қарыздар бойынша  қаржыны жинауға жауапты болған.

Қайрат Мәми Сингапур сотының төрағасы Сундареш Менонмен кездесті

01/04/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық судьялар делегациясының Сингапур Республикасына ресми сапары басталды.

Қазақстандық делегация Сингапур Жоғарғы Сотында болып, осы  соттың төрағасы Сундареш Менонмен кездесті.

Қайрат Мәми Қазақстан Республикасы мен Сингапур жоғарғы соттары арасында ынтымақтастықты одан әрі арттыру Қазақстан мен Сингапур қарым-қатынасының өзара тиімді серіктестік принципіне сәйкес нығая беретіндігін атап өтті.